Тепло солнца в каждом зерне!

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

 

 

 

КАЗ | РУС


«Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының орындалу барысы

 

Етті-сүтті жылқы шаруашылығын дамытудың перспективалық жоспары бойынша Ақтөбе облысынан қазақстандық көшім тұқымының массивті типтегі «Мамыр-Ақтөбе» желісінің асыл тұқымды 32 бас жылқысы сатып алынды. Селекциялық жоспарларға сай сатып алынған көшім байталдарын жасына қарай екі үйірге топтастырып бөлдік және әр үйірге белгілі асыл тұқымды көшім айғыры бекітілді. Жайылымдағы жылқыларды тәулік бойы бақылау үшін үйірдегі айғырлар мен байталдардың мойнына арнайы «Gps» трекерлары бар қарғы баулар тағылды. Осының арқасында тәулік бойы жылқылардың қозғалыс жылдамдығы мен жайылу аймағын бақылауға мүмкіндік болды.

«С. Сейфуллин» атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдарымен бірлесіп ғылыми-тәжірибе жасаған бордақыдағы ақбас және әртекті қара мал бұқашықтарының тәуліктік салмақ қосулары 1300-1400 граммға жетті.

Асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырларымен селекциялық жұмыстар жүргізу жоспарына сай Павлодар облысыдағы «Галицкое» ЖШС нан асыл тұқымды I категориялық бұқалар сатып алынды.

Биылғы жылы ауыл шаруашылығын цифрландыру аясында «С. Сейфуллин» атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдарымен бірлесіп ғылыми жоба аясында BR10865103 бағдарламасы шеңберінде асыл тұқымды қазақтың ақбас құнажындарын жайылымды толықтай игеру мақсатында 7 секцияға бөлінген «онлайн» режимдегі электро-қоршау орнаттық. Электро-қоршауды орнатар бұрын ғалымдар мен мамандар жер участкесін, климаттық жағдайын, топырақ және өсімдік қорын арнайы зерттеулерден өткізіп барып шешімге келді. Бұл мақсатта қолдағы ірі қара малдарға құлақтарына арнайы оқылатын цифрланған биркаларар тағылды.

Электро-қоршауды пайдаланудың негізінде жайылым участкілерін тиімді пайдалану мен жайылымдық жерлерді тозудан қорғау болып табылады. Электро-қоршаудың ерекшелігі С. Сейфуллин ат. ҚАТУ ғалымдарының ойлап тапқан жаңалығында, ол: арнайы күнделікті салмақ өлшемдерін бақылайтын өлшегіш құралмен жабдықталған су ішетін астау, оған қоса жазғы шыбын – шіркейге қарсы ветеринарлық препараттарды «еркін», стрессіз жағдайда енгізуге мүмкіндік беретін құрылғылармен қамтылған жеке кабиналарда. Осы құрылғылардың арқасында бақылау интернет жүйесі арқылы онлайн режимінде жүзеге асып отырылуда.

Осы ғылыми жоба аясында 31 тамыз күні Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары аграрилеріне арналған «Жерді қашықтықтан зондтау арқылы жайылымдарды тиімді пайдалану жүйесі» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарға қатынасқан адамдардың қызығушылықтары өте күшті болды және бәріне арнайы сертификаттар табыс етілді.

 

...
...
...
...
...
...
...
...
...
...
...
...
...